Аймақтар • 01 Қазан, 2021

«Қызыл» мәртебесі бар 267 адамға айыппұл салынды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда карантин шараларын бұзған «қызыл» мәртебесі бар 267 адам айыппұл төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» мәртебесі бар 267 адамға айыппұл салынды

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 267 алматылық әкімшілік жауапқа тартылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл төледі», деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

COVID-19-ға ПТР тест тапсырып, оң нәтижесін алған алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда, дәлірек айтқанда, ХҚКО, мейрамханалар, фитнес-орталықтар, әуежай, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, бассейндер сияқты басқа да нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысты.

«Қызыл» статусы анықталған тұрғындар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмейді. Өзін-өзі оқшаулау режимін көбінесе кеңсе ұйымдары, әлеуметтік сала, білім беру ұйымдары, банктер, сауда, қаржы нарығы, әлеуметтік қызметтер, қоғамдық тамақтану және басқа да нысандардың қызметкерлері бұзады», делінген хабарламада.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.