05 Мамыр, 2010

ҚАЗАҚСТАН ӨРКЕНДЕГЕН ЕЛ ҚҰРАТЫНЫНА КҮМӘН ЖОҚ

511 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы әрдайым тартымдылығымен, әрдайым келешекке қарай асыра мақтансыз және еш­қандай асып-тасусыз ұмты­лы­сымен әрі кең ауқым­ды­лығымен ерекшеленеді. Қазақстан Президентінің 2010 жылғы қаңтардың соңғы күнінде елдің Парла­ментінде жариялаған халық­қа жаңа Жолдауы осы сө­зі­міздің айғағы болып табылады. Жолдаудың әрбір идея­сын­да, әрбір жолында және әрбір цифрында көшбас­шы­ның елдің ұлттық дамуының стратегиясына нақты есеп­тел­ген сенімі, таңдап алын­ған кең көлемдегі прагма­ти­калық мемлекеттік жоспар­ла­ры мен жобалары, ең ма­ңыздысы, Қазақстан хал­қы­ның ел басшылығы мен үкіметінің саясатын қол­дау­ы­на ие болуы айқын се­зіледі. Ең бастысы, биылғы жылғы Жолдауды зер сала отырып оқып шыққа­ны­ңыз­да, ресурстары, интел­лек­туа­лы, өнеркәсібі мен ғылымы, әлеуеті орасан осынау алып елдің барша халқының өмір сүру сапасын жақсарудағы жаңа серпінге бағыттал­ға­ны­на көз жеткізер едіңіз. Пре­зидент Нұрсұлтан Назар­баев­тың Жолдауының бар­лық тармақтары – жаңа он­жылдыққа арналған мем­ле­кет дамуының жалпыға ор­тақ стратегиясы, оның ма­кро­экономикалық дамуы­ның міндеті, қазақстандық қоғам дамуының тұрақты­лығы және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен елдің сыртқы саяси басым­дыққа дейінгі жолы – ішкі саяси тұрақтылыққа, этнос­аралық толеранттылыққа, адам сапасының жоғарылы­ғына, ортақ қоғамның гума­нитарлық дамуына негіз­дел­ген, тең мүмкіндікке ие индустриялы елдің дамуын­дағы посткеңестік Қазақ­стан­ның нақты өзгеруі идея­сына тұжырымдамалық тұрғыда құрылған. Әлемдік қаржы-эконо­ми­калық дағдарыстың сал­да­рынан туындаған қиын­дықтарды басынан өткерген украиналықтар үшін Қазақ­станды дағдарысты жүйелі түрде қарсы алған және одан ешқандай да шашаусыз шық­қан ел ретінде біліп қана қоймай, сондай-ақ Президент Н.Назарбаевтың Жолдауында әзірленгендей, дағдарыстан кейінгі дамудың ұзақ мерзімді стратегия­сымен таныс болу ерекше қызықты болған болар еді. Президенттің жаңа Жол­дауы елдің ұзақ мерзімге арналған басты мақсаты мен басымдықтарын белгілеген, 1997 жылы қабылданған “Қа­зақстан-2030” Страте­гия­сының заңды жалғасы. Нұрсұлтан Назарбаев да­му­дың жаңа кезеңіндегі мін­деттерді нақтылап берді. Атап айтқанда, олар: үдемелі ин­дустриялық және инф­ра­құрылымдық даму есебінен экономикалық орнықты өсім, өсімнің инновациялық стра­те­гиясы, ұлттық эконо­ми­каның бәсекелестігін арттыру, бар­лық әлеуметтік өлшемдер бой­ынша қазақ­стандықтардың өмір сүру деңгейін едәуір арт­тыру, эт­нос­аралық келісімнің сақ­талуы, сенімді ұлттық қауіп­сіздік. Осынау міндеттердің ауқы­мы мен көлемі таңдан­ды­рады: сөз ондаған пайыз­дық өсім туралы болып отыр! Алайда, Қазақстанның өткен он жылдағы дамуына көз жіберсеңіз, Президенттің жоспары – тек құрғақ сөз емес, ғылыми негізделген, Қазақстан халқы сенетін әрі қолдайтын стратегиялық да­мудың прагматикалық бағ­дарламасы екенін түсінесіз. Қазақстанның мұндай саясаты оның өңірлік және әлемдік саясаттағы және сауда-қаржы саласындағы халықаралық деңгейде беделі де ықпалды ойыншы болуын қамтамасыз етті. Президент Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы “Сырт­қы саясат” атты та­рауының күші көптеген мем­лекеттердің астана­ла­рын­да тыңғылықты зерттелді деген сенімдемін. Қазақстанның 2010 жылы бұрын Кеңестер Ода­ғының құрамында болған Орталық Азия елдерінің та­рихында тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ға төраға болуы таңдан­дыр­май қоймайды. Қазақстан­ның төрағалығы – елдің тәуелсіздік алған 18 жылдық тарихындағы мықты эконо­микасы мен демократиялық мемлекеттің қарқынды да­му­ындағы табысының шы­найы көрінісі. Қазақстан Президенті ұлттық мүддені қамтамасыз ету, елдің халықаралық беде­лін арттыру және ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіп­сіздікті нығайту жолын­дағы жүргізіп отырған бел­сенді және байыпты сыртқы саяса­ты халықаралық қауіп­сіздік­тегі негізгі мәселелер бойын­ша, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ны дамыту мәселелері жө­нін­дегі консен­сустық алаңды кеңей­туге және нығайтуға сәйкес келетініне еш күмән жоқ. Украина Қазақстанмен достықты және ынтымақ­тас­тықты нығайтуға стратегия­лық тұрғыда мән беретінін атап өткім келеді. Бұл сөзіме Украина Президенті В.Яну­ко­вичтің үстіміздегі жылғы 7 сәуірде Қазақстанға жасаған ресми сапары, оның бары­сында бірқатар негізгі екі жақты құжаттарға қол қойы­луы және ұзақ мерзімді ке­зеңге арналған ынтымақ­тас­тықтың жоспары белгілен­гені айқын дәлел бола алады. Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақ­тас­тықтың маңызын экономи­калық қарым-қатынастар, тұрақты құрылым сипаты мен оң қарқынды өсім құ­райды. 2008 жылы Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымының көлемі 5 миллиард доллардан асты. 2009 жылы, әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, өз­ара тиімді сауда көрсеткіші 3,4 миллиард долларды құрады және Қазақстан Украинаның негізгі сауда әріптестерінің арасында 3-4 ұстанымда нық тұрғанын атап өтпекпіз. Украина-Қазақстан эко­номикалық ынтымақтастығы басымдығының толық тізі­мін отын-энергетика кешені, Қазақстан мен Еуропадан мұнай мен газды жеткізуді көздейтін көлік тасымалы, Қара теңізде украиналық теңіз айлағын пайдалануға қазақстандық компания­лар­дың қатысуы және Азия-Тынық мұхиты өңіріне ар­налған рынокқа шығу үшін Украинаның көліктік мүм­кін­діктері, біздің елдеріміз арасындағы, соның ішінде аэроғарыш саласындағы ғы­лыми-техникалық ынты­мақ­тастық бойынша бай­ла­ныстар құрайды. Осы орайда, Украина-Қазақстан парламентаралық байланыстарын ерекше атап өткім келеді. Екі елдің Пар­ламенті үшін халықаралық проблемалар мен екі жақты барлық спектр бойынша сын­дарлы пікір алмасулар дәстүрге айналды және екі елдің заң шығарушылық билігіндегі өзара түсініс­тік­тің маңыздылығы Украина мен Қазақстанның тату көр­шілестік қарым-қатынас­та­рының барлық жүйесін толықтырады әрі байытады, ТМД кеңістігіндегі тұрақты­лық пен қауіпсіздік мүдде­сіне қызмет етеді. Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауын оқи оты­рып, Нұрсұлтан Назар­баев­тың: “Біз не, қашан, қалай жа­салатынын және құры­латынын іс жүзінде айлар бойынша білеміз”, деген сө­зіне сенесіз. Осы ұлы елдің саяси көшбасшысы мен оның үкіметінің халықтың қолдауына сүйенген сенімі, оның прогреске ұмтылысы – достас Қазақстан еш кү­мәнсіз тәуелсіз, өркендеген, тұрақты мемлекет құраты­нының кепілі. Владимир ЛИТВИН, Украина Жоғары Радасының төрағасы.