07 Ақпан, 2014

Алқаның айтары ауқымды

281 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың, Парламент депутаттарының, Президент Әкімшілігі, Үкімет өкіл­дерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік ор­ган­дардың, Мәдениет және ақпарат министрлігіне ведом­стволық бағынысты ұйымдардың, қоғамдық ұйым­дар­дың, БАҚ басшыларының қатысуымен Мәдениет және ақ­парат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұ­хам­мед өз сөзінде министрліктің 2013 жылғы жұмысын қо­ры­­тындылап, Мемлекет бас­шы­­сының «Қазақстан жолы –­ 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жүзеге асыруда сала алдын­да тұрған міндеттерге тоқ­тал­ды. Баяндамашы қазақстан­дық­тардың бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған Қазақ­стан Республикасының мә­дени саясатының ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзір­леу­дің маңыздылығын мәде­ниет­тің барлық саласы, шығар­ма­шылық қауымдастық бұл қадамды Елбасы ұсынған отандық мәдениет пен өнердің жаңа белестерге жетуінің, қазақстандық қоғамның біре­гей шығармашылық әлеуетін жүзеге асырудың ерекше­ мүмкіндігі деп қабылдап отыр­ғанын атап көрсетті. Тұжы­рымдаманың басты идеялық іргетасы Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында айтқан Мәңгілік Ел идеясы болуы тиіс екендігі баса айтылды. Саланың жай-күйі туралы әңгімелеген министр 20 жыл ішінде елде 2 мыңнан астам мәдениет нысандары ашыл­ғанын тілге тиек етті. Соң­ғы он жыл ішінде театр,­ кино көрермендерінің, мұражайларға келушілердің, кітапхана оқырмандарының, концерттік бағдарламаларды тамашалаушылардың саны айтарлықтай артқан. Мәдениет саласының проб­лемаларын шешудің басты жолдары 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыртудың тұжырымдамасы мен жос­пары­ның жобасына бөлек тарау болып енді. Мәдениет ұйым­дарының типтік штаттары, мәдениет ұйымдарын дифференциялық субсидия­лау­дың жаңа ережелері бекітілді, 300 орынға арналған Мәдениет үйінің типтік жобасы әзірленді, мәдениет және мұрағаттық іс қызметкерлерінің азаматтық қызметкерлер ретіндегі еңбек­ақысын төлеудің жаңа моделі әдіснамалық тұрғыда әзірленді. Министр Мемлекет бас­шы­сының 2015 жылғы­ 1 шілдеден бастап азамат­тық­ қызметкерлердің жал­ақы­сын арттыру туралы тап­сыр­масының мәдениет және мұрағат ісі саласына толықтай қатысы бар екенін ерекше атап өтті. Жаңа «Астана Опера» мем­лекеттік опера және балет театры, Қазақ ұлттық мұра­жайы құрылды, тұңғыш Ұлт­тық көркемөнер галереясы құрылуда, «Казспорт», «Білім және мәдениет» жаңа телеарналары ашылды. Алқа отырысында М.Әуе­зов атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық драма театрының директоры Ер­кін Жуасбек, «Білім және мәдениет» телеарнасының директоры Бақыт Қайырбеков, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ҚҚ сарапшысы заң ғылымдарының докторы Еңлік Нұрғалиева, Алматы облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов сөз сөйледі. Алқа отырысын Қазақстан Республикасы Премьер-Ми­нистрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қорытындылап, министрлікке бірқатар нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берді.

 «Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар