Қоғам • 02 Қазан, 2021

Алматыда қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырылды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырылды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылғы 20 қыркүйекте қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Алматы қаласы Полиция департаментінің екі қызметкерінің отбасыларына мемлекеттік наградаларды тапсырды. 

«Біздің әріптестеріміз, полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік міндеттерін адал атқарып, әріптестеріне үлгі болып, болашаққа жоспар құрды. Олардың өмірін қиған қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарды дүр сілкіндірді», деп атап өтті ІІМ басшысы. 

Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев қаза тапқан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды. 

«Бүгін мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды тапсыру үшін келдім», деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев. 

Ол ішкі істер органдарының қызметкерлері қызметтік борышы бойынша әрдайым қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында екенін атап өтті. Полицейлердің күнделікті жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Сын жағдайларында бірнеше секунд ішінде олар жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр, кейде адамның өмірімен байланысты болады.