«Транзит» біріккен шекаралық іс-шарасына қазақстандық шекарашылар белсенділікпен қатысуда. Аталған іс-шара өткен жылдың 30 қазанында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкімі негізінде оңтүстік бағытта басталып, оған ҰҚК, ІІМ, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Кедендік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері де қатысуда. Іс-шараның басты мақсаты – өз уақытында мемлекеттік шекара, оның режімін, бақылау бекеттеріндегі режімін бұзушылықтарының жолын кесу.
Іс-шара басталғалы бері шекара сақшылары 720-дан астам шекара заңдылығын бұзушыларды анықтады. Олардың 155-і Қазақстан Республикасының азаматтары болса, 40 шақтысы – Ресей Федерациясының, 90-нан астамы Өзбекстан, 370-тен астамы Қырғызстанның, 23-і Түркия, 10-ы Тәжікстан, 5-еуі Әзербайжан, 3-еуі Қытай, 2 адамнан Австралия, Германия, Грузия, Моңғолия, Украина, Беларусь азаматтары, бір-бірден АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Молдова, Польша, Ауғанстан және Армениядан келгендер бар.
Сондай-ақ, іс-шара кезінде 2 килограмм 300 грамм героин, 170 грамм гашиш, заңсыз өткізілмек болған 35 тоннадай халық тұтынатын тауарлар, 16 түйіншек киім-кешек, 6 дана автомобиль, 3 тоннадан астам дизель жанармайы, 10 тоннадан астам құс еті, 38 бас мүйізді ірі қара, 8 бас ұсақ мал, 36 бас жылқы және 12 түйе ұсталды. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер, балалар тағамы, ірімшік пен май өнімдерінің де заңсыз өтуіне жол берілмеді. Жасырын жолмен өткізілмек болған 240 дана рұқсатсыз дискілер, декларацияланбаған 17 000 АҚШ долларының, 1000 еуроның, қырғыз сомдары мен теңгенің жолы кесілді.
«Транзит» біріккен шекаралық іс-шарасы әлі де жалғасуда, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.

Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10