Оқиға • 02 Қазан, 2021

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығындағы өрт сөндірілді

775 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық өрт сөндірушілер «Астықжан» сауда орталығындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығындағы өрт сөндірілді

«Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен «Астықжан» сауда орталығныдағы өрт сөндірілді. Алдын ала есеп бойынша, жалн шарпыған аумақ 14 мың шаршы метрге жеткен. Естеріңізге салсақ, бүгін, 2021 жылғы 2 қазанда сағат 09. 42-де Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері Әл-Фараби даңғылы, 28 мекен-жайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарлама бойынша шұғыл аттанған болатын», деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жергілікті департаменттің күштері мен құралдары – 105 адам 26 бірлік техника, коммуналдық қызметтің 8 машинасы жұмылдырылды.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 2-қабаттың терезесінен 2001 жылы туған қыз өрттен құтқарылды. Оның «Универсал» жиһаз цехының қызметкері екені анықталды. Құтқарылған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді, жағдайы орташа ауыр дәрежеде», делінген департаменттің мәліметінде.

 

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55