Теннис • 02 Қазан, 2021

Теннис: Дмитрий Попко Лиссабон турнирінің финалына өтті

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық, әлемнің 187-ракеткасы Дмитрий Попко Лиссабон челленджер турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис: Дмитрий Попко Лиссабон турнирінің финалына өтті

Д.Попко жартылай финалда әлемнің 116-ыншы, жарыстың 3-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен кортқа шықты. Қазақстандық теннисші 1 сағат 20 минутқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке барысында Д.Попко 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.

Д.Попко финалда дүниежүзілік рейтингте 258-сатыда тұрған италиялық Андреа Пеллегриномен бас жүлде үшін таласады. Италиялық теннисші жартылай финалда әлемнің 122-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинмен кездесті. Есеп 6:7 (5:7), 0:1 болған кезде Мартин матчты жалғастырудан бас тартты.