07 Ақпан, 2014

Белгілі кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтірген кім?

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-02-OralБатыс Қазақстан облысында белгілі кәсіпкер болған Виталий Каркуланың өліміне қатысты екі күдікті ұсталды. Бұл туралы «Уральская неделя» газеті жазды. Құқық қорғау қызметкерлері қолға түскен күдіктілерге тергеу қорытындысына сәйкес, шешім шығаруды ұйғарды. Дәл қазіргі уақытта олар уақытша оқшаулағышта отыр. Сонымен, тергеу ісі аяқталғанша, кәсіпкердің өліміне қатысты ақпарат жария етілмейді. Белгілісі, қолға түскен күдіктілер Переметное ауылының тұрғындары екен. Естеріңізде болса, осы жылдың 12 қаңтарында кәсіпкер Виталий Каркуланың отбасына белгісіз біреулер тұтқиылдан шабуыл жасап, кәсіпкерді басынан атып өлтірген еді. Ал сол кезде оның әйелі ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түсті. Жергілікті дәрігерлердің айтуы бойынша, қазір кәсіпкер жұбайының жағдайы жақсы көрінеді. Кезінде В. Каркула басқарған «Каркула»  шаруа қожалығы Батыс Қазақстан облысындағы ең ірі шаруашылықтардың  бірінен саналды. Осы орайда, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының» мәліметіне жүгінсек, «Каркула» шаруа қожалығына тиесілі сүт зауыты айран, қаймақ, май, құрт және ірімшік секілді 15 түрлі сүт өнімдерін шығарған. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Уральская неделя» газеті. Фото: «Уральская неделя» газеті.  
Соңғы жаңалықтар