Коронавирус • 03 Қазан, 2021

2 мегаполис пен 2 облыс «қызыл» аймақта тұр

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 3 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2 мегаполис пен 2 облыс «қызыл» аймақта тұр

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.