Экология • 03 Қазан, 2021

Экология вице-министрі мен Омбы губернаторы Ертіс өзені мəселесін талқылады

1089 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов РФ Омбы облысының губернаторы А.Бурковпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Экология вице-министрі мен Омбы губернаторы Ертіс өзені мəселесін талқылады

Олар Ертіс өзенінің сулылығын ұлғайту мен су ресурсының сапасын мониторингілеу бойынша пікір алмасты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

А.Пірімқұлов Ресей тарапына Қазақстан тарапының Жоғарғы Ертіс каскадының су қоймаларынан су жіберу ҚР мен РФ экономика салаларының қажеттіліктерін, сондай-ақ Ертіс өзенінің экожүйесін ескеретін Одақ кезінде қабылданған нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылатынын хабарлады.

«Тараптар ірі өзендердің бассейндерінде, оның ішінде Ертіс өзенінің бассейнінде зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандыру бойынша бірыңғай жол картасы шеңберінде оң жұмыстардың басталғаны туралы атап өтті және бірлескен зерттеулер нәтижелері бойынша экологиялық жағдайды, оның ішінде су қоймаларының режимін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленетініне сенім білдірді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ тараптар трансшекаралық су объектілерінің су ресурстары жай-күйінің сапалы көрсеткіштерін мониторингтеу әдістемелерін бірізділендіруге қатысты пікір алмасты. Қазақстан тарапы бұл мәселені трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының кезекті отырысында қарауды ұсынды.