Оқиға • Бүгін, 11:27

Қызылорда медицина колледжінің 1-курс студентін жатақханада ұрып өлтірген

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылордадағы «Болашақ» медициналық колледжі жатақханасында бірінші курс студенті қаза тапты. Марқұмның туыстары оның өліміне жүйелі буллинг себеп болғанын айтып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда медицина колледжінің 1-курс студентін жатақханада ұрып өлтірген

фото: pixabay

16 жастағы студенттің әкесі Руслан Сейсенбаевтың айтуынша, жоғары курс студенттері бірінші курсқа жаңадан келгендерді жатақхананың фитнес-залына апарып, қорлаған әрі соққыға жыққан.

Әкесінің сөзінше, жасөспірім сол жерде жан тапсырған. Алайда жедел жәрдем дер кезінде шақырылмаған. Оның орнына студенттер марқұмды бөлмесіне апарып, кейін вахтерге түсіріп кеткен көрінеді.

Туыстары бұл жағдайды жасыру әрекеті болғанын айтып, жатақханада әлімжеттік бұрыннан жалғасып келе жатқанын мәлімдеді.

Алматыдағы студенттің өлімі: Қайғылы оқиғаға әділетсіз бағалау себеп болды ма?

Ал колледж басшылығы оқу орнында ешқандай әлімжеттік болмағанын алға тартты. Мекеме әкімшілігі студенттердің тәртібін бақыламаған қызметкерлердің жұмыстан босатылғанын хабарлады. Қазір колледж ішінде қызметтік тексеріс жүріп жатыр, ал құқық қорғау органдары бөлек тергеу бастаған.

Колледж директорының орынбасары Гүлмира Өтеулиева студенттер арасында ақша талап ету немесе жүйелі қысым көрсету болмағанын айтты. Оның сөзінше, күдіктілер марқұмның «құрметсіздік танытқанын» айтып, тек бір рет жұдырықпен ұрғандарын жеткізген.

18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды

Полиция аталған дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бір студент қамауға алынған. Алайда марқұмның туыстары қауіпсіздікке салғырт қараған колледж қызметкерлерін де жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Еске салайық, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс студенті 8-қабаттан құлап, қаза тапты. Ал Павлодарда қатарластарынан ақша бопсаламақ болған 2 студент ұсталды.

Соңғы жаңалықтар