Қазақстан • 04 Қазан, 2021

Шағын футболдан «Түркі кубогі» үшін турнир өтті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында Түркі ынтымақтастығы күніне және Түркі мемлекеттері тәуелсіздіктерінің 30 жылдығына орай, Халықаралық Түркі академиясы және ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан «Түркі кубогі» турнирі өтті.

Шағын футболдан «Түркі кубогі» үшін турнир өтті

«Астана-Арена» стадионында өткен былғары доп жарысына Нұр-Сұлтан қаласында Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда Халықаралық Түркі академиясы, Азық-түлік қауіпсіздік ислам ұйымы (IOFS), Азиядаға өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (СICA) және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің құрама командалары қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Мажарстанның Қазақстандағы елшігі, екінші орынды  Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және үшінші орынды Халықаралық Түркі академиясының командалары иеленді.

Айта кету керек, Түркі кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы 3 қазанда құрылды. Бұл тарихи күн «Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күні» ретінде аталып өтеді. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Ұйымға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдері мүше, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.