Туризм • 04 Қазан, 2021

Қазақстанда ұлттық туристік брендтер тізілімі құрылады

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 291 бұйрығымен ұлттық туристік брендтер тізілімі құрылады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда ұлттық туристік брендтер тізілімі құрылады

«Туристік брендтерге туристер арасында танымал табиғи және тарихи-мәдени мұраның көрнекті орындары, жергілікті жер және (немесе) аумақ, сондай-ақ осы объектілерге баруды қамтитын туристік маршруттар, туристердің үлкен ағынын тартатын бірегей оқиғалар (іс-шаралар), қызметтер мен іс-әрекеттер жатады», деп жазылған құжатта.

Тізілімді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» жасайды. Онда ұлттық туристік брендтің атауы, сипаттамасы және орналасқан жері туралы мәлімет болуы керек. Сонымен қатар он данадан көп JPEG немесе PNG форматындағы, әртүрлі масштаб және ракурстағы фотосуреттер, маркетингтік зерттеу нәтижелері де қамтылады.

Ұйым жыл сайын тізілімдегі брендтерге мониторинг жүргізеді.