Оқиға • 04 Қазан, 2021

Қарағандыда ер адам балабақша тонады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда балабақшадан ер адам теледидар ұрлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда ер адам балабақша тонады

17 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне балабақшалардың бірінде мүлік ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Полицейлер ұрының балалар мекемесіне терезенің пластикалық жақтауын бұзып кіріп, теледидарды ұрлап кеткенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 230 мың теңгені құрады.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 29 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, ұрланған теледидар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.