Нұр-Сұлтанда Қазақстанның беларусь этносының өкілдері Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Анатолий Маркевичпен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1-3 қазанында астанада Беларусь Республикасының Қазақстандағы Мәдениет күндері өтті.
Беларусьтің Мәдениет министрі еліміздегі беларусь этномәдени бірлестіктерінің дамуын жоғары бағалап, Қазақстан Үкіметі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына жасап отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, ол өңір әкімдіктері этникалық бірлестіктермен үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын айтып, екі елде де одан әрі жемісті ынтымақтастық пен мәдениетаралық коммуникациялардың нығая беретініне сенім білдірді.
«Анатолий Маркевичтің пікірінше, Қазақстан халқы Ассамблеясы - қазақстандықтардың бірлігін сақтау мен дамытудағы бірегей институт», деп жазады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.