Әлем • 04 Қазан, 2021

Осы аптада Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нобель апталығы Швеция мен Норвегияда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы аптада Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болады

Нобель апталығында 2021 жылғы беделді сыйлықтың жеңімпаздары белгілі болады. 4 қазанда Стокгольмдегі Нобель комитеті медицина сыйлығының лауреаттарын жариялайды. 

Сейсенбіде физикадан, сәрсенбіде - химиядан, бейсенбіде - әдебиеттен жеңімпаздар белгілі болады. Экономика бойынша Альфред Нобель сыйлығының лауреаты Швеция астанасында 11 қазанда белгілі болады. Жұма күні Норвегия астанасы Ослода бейбітшілікті насихаттағаны үшін сыйлықтың иегері анықталады.

Соңғы жаңалықтар