Қазақстан • 04 Қазан, 2021

Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы бірыңғай портал іске қосылады

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Қоғамдық кеңестерді дамыту үшін арнайы сайт құрылды. Бұл туралы TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы бірыңғай портал іске қосылады

Орталық директорының айтуынша, қазіргі уақытта қоғамдық кеңестердің едәуір бөлігінің «белгілі бір дәрежеде онша жоғары емес белсенділігі» байқалады.

«Бұл, мүмкін, бір жағынан, қоғамдық кеңестер мүшелерінің белсенділігінен туындаған мәселе. Екінші жағынан, олардың қызметі туралы ақпараттың болмауы. Осының аясында біз АҚДМ-ның бірыңғай портал құру жөніндегі бастамасын құптаймыз. kazkenes.kz барлық қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ақпарат беруге арналған бірыңғай алаң ретінде, оларды құру біздің заңнамада көзделген», деді Ошақбаев.

Оның айтуынша, жақын арада бұл портал өз жұмысын бастайды.

«Бұл қалың жұртшылықтың, бірінші кезекте - журналистердің отырыстардың хаттамаларына және әртүрлі деңгейлерде қаралатын мәселелерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Қоғам да, БАҚ та оны пайдалана бастауы үшін және осы портал маңызды және сенімді ақпарат көзіне айналуы үшін біраз уақыт қажет болады», деп нақтылады спикер.

Ол бұл порталды толтыру Қоғамдық кеңестер хатшыларының, Қоғамдық кеңестер мүшелерінің белсенділігіне байланысты болатынын айтты. Бұл институттың дамуының келесі кезеңі ретінде, оның пікірінше, ең белсенді ғана емес, бүкіл республиканы қамтитын кем дегенде жыл сайын немесе тоқсан сайын үлкен жиналыстар, тренингтер өткізу маңызды.