Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 3 қазанда көшедегі дәретханадан табылған шақалақ Индер аудандық ауруханасының босану бөлімінде жатыр.
«Нәрестенің жынысы – ер. Бала ауруханаға түскенге дейін суықтап қалған. Дәрігерлер нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін медициналық ем-дом шараларын жүргізді. Қазір баланың жағдайы тұрақты, алайда, орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Ал, нәрестенің анасы – Индер ауданының 1990 жылғы тұрғыны аудандық аурухананың босанудан кейінгі бөліміне жатқызылды. Қазір жаңа туған шақалақ та, анасы да дәрігерлердің бақылауына алынды. Оларға қажетті емдеу шарасы көрсетіліп жатыр», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында көшедегі дәретханадан жаңа туған нәресте табылғанын хабарлаған болатынбыз.