Қазақстан • 05 Қазан, 2021

ТМД елдері Қарулы Күштерінің ынтымақтастығы туралы заң жобасы қаралды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында депутаттар ТМД қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштерінің ынтымақтастығын жетілдіруге ықпал ететін заң жобаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД елдері Қарулы Күштерінің ынтымақтастығы туралы заң жобасы қаралды

Заң жобаларының бірі байланыс жүйелерінің жұмысын жақсарту үшін әзірленді. Келісімге қатысушылар Қарулы Күштердің басқару жүйесінде қажетті байланыс қызметтерін ала алады және ақпарат түрлерімен алмаса алады. Бұдан басқа, келісімді ратификациялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бірлесіп айналысуға мүмкіндік береді.

Қаралған екінші заң жобасына сәйкес ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері мина алқаптарын техникалық барлауға қатыса алады, жарылыс қаупі бар заттардың бар-жоғына объектілерді зерделей алады, сондай-ақ бұрын ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарға барлау жүргізе алады.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар аталған заң жобаларын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.