Аймақтар • 05 Қазан, 2021

Әлемдегі ең алып ұшақ Алматыға тағы қонды

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылықтар аты аңызға айналған Ан-225 «Мрия» ұшағын видеоға түсіріп алды. Белгілі болғанындай алып ұшақ Алматы әуежайына жаңармай құйып алу үшін қонған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдегі ең алып ұшақ Алматыға тағы қонды

Әуежайдың баспасөз қызметі алып ұшақтың қонағанын растады. Ол жанармай құю үшін тоқтады. Қазір қайта ұшып кетті. Хабарландыруда қай жаққа бағыт алғаны айтылмады.

Еске салайық, Ан-225 «Мрия» ұшағы Алматыға өткен жылдың көктемінде қонаған болатын. Ол кезде борт Қытайдың Тяньцзинь әуежайына COVID-19 қарсы күрес құралдары мен медициналық құрал-жабдық алу үшін аттанған.

Ан-225 «Мрия» - О.К.Антонов атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюросы жасаған аса ауыр жүк тасымалдаушы көліктік реактивті ұшақ. Әлемдегі ең үлкен ұшақ болып саналады.

1984-1988 жылдары Киев механикалық зауытында жобаланып салынған.

1988 жылы 21 желтоқсанда ол алғаш рет ұшты. 1989 жылы мамырда ұшақтың «Боран» ғарыш кемесімен бірге Байқоңырға ұшуы болды, ал маусымда ұшақ «Буранмен» бірге Ле Бруже авиациялық салонына қатысты.

Қазіргі таңда Ан-225 «Антоновтың авиажелілері» әуе компаниясының құрамында коммерциялық жүк тасымалдарында қолданылуда. Сағатына 850 шақырым жылдамдықпен ұша алады.