Ведомство басшысы 2021 жылдың 9 айындағы превенция және жедел-тергеу бағыты бойынша жұмыс нәтижелерін жеткізді.
«Жыл басынан бері 87 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 72,4% астамы немесе 63-і қылмыстық сыбайлас жемқорлық болып табылады. 155 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 20 адам әртүрлі деңгейдегі бірінші басшылар (облыстық – 6, қалалық -4, аудандық – 9, ауылдық - 1). 70 адам сотталды, оның ішінде 65 адам 119 млн теңгеден астам сомаға айыппұлға, 2 адам бас бостандығын шектеуге, 3 адамды бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып сотталды», деп жазды Е.Мақажанов.
Департамент басшысының ақпаратына сәйкес, бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 11 фактісі анықталды (26 қылмыс), 35 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 22 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды.
«Іс жүргізумен аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 3,8 млрд теңгені (3 850 843 791 теңге) құрады, оның 97,2% немесе 3,7 млрд теңгесі (3 742 332 191 теңге) өтелді», деп толықтырды Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы.
Сонымен қатар Ернар Мақажанов облыс тұрғындарын сыбайлас жемқорлық фактілері туралы оның жеке аккаунттарына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 сенім телефонына хабарлауға шақырды.