Рәсімнен кейін Е.Әлімбаев жаңадан тағайындалған елшілермен жеке кездесу өткізді.
Елші К.Робомен кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Албания арасындағы негізгі құжаттар – сауда-экономикалық ынтымақтастық, қосарланған салық салуды болдырмау, құқықтық көмек көрсету және визасыз режим туралы келісімдерге қол қою мәселесін жеделдетуге уағдаласты.
Елші Б.Макэлдаффпен сұхбат барысында 2022 жылдың басында екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы мерейтойына арналған бірқатар мәдени іс-шара өткізуге келісті. Қазақстанның AIFC және Ирландияның IFSC арасындағы қаржылық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар пандемиядан кейінгі өзара туризмді дамыту маңыздылығына баса назар аударды.
Елші Дж.Квистадпен Қазақстан - Норвегия қарым-қатынастарын дамыту мәселелерін талқылау аясында тараптар парламентаралық және мәдени диалогты нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті. Ослоның Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетудегі маңызды рөлін ескере отырып, норвегиялық тарап KazAID-пен ынтымақтастықты жолға қоюға, оның ішінде ҚР аумағында «Гуманитарлық хаб» жобасын іске асыруға қызығушылық білдірді.
Елші Д.Грихтингпен келіссөздер барысында тараптар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлер конференциясы жұмысына қатысу және Швейцария Президенті Г.Пармеланмен келіссөздер өткізу үшін осы елге жоспарланған сапарының маңыздылығын растады.
«Жалпы, сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастардың барлық салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді», деп жазады ҚР СІМ баспасөз қызметі.