Хоккей • 06 Қазан, 2021

ҚХЛ: «Барыс» «Авангардты» қабылдайды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасымен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: «Барыс» «Авангардты» қабылдайды

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 59 мәрте шеберлік байқасты. Оның 20-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Ал «Авангард» алты ойынның үшеуінде жеңіске жетті.