Аймақтар • 06 Қазан, 2021

Мектептегі бейнекамералар полицияның бақылауында болады

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Түркістан облысындағы мектептерге қойылған бейнекамераларды полиция қызметкерлері жедел басқару орталығы арқылы бақылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектептегі бейнекамералар полицияның бақылауында болады

Яғни жазбаларды аудандық полиция бөлімдеріндегі кезекші топтар мен облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығы қадағалап отырады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі 550-ден астам білім ордасына интеграцияланған бейнекамералар қойылған. 30 күндік дерек сақталатын бейнебақылау камерасынан мектептердің ауласынан бастап, кіреберісі мен дәліздерінде, асханасы мен фойесінде, акт және спорт залында не болып жатқанының бәрін нақты уақытымен көруге болады. Сондықтан біз мектептерге орнатылған бейнекамералар арқылы ол жерге сырттан келетін қандайда бір қауіпті уақытында анықтап, тиісті шаралар қолдана аламыз дейді облыстық полиция департаментіндегілер.

«Соңғы кездегі Қазан, Пермь қаласындағы мектептер мен оқу орындарында болған төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектептердегі камераларды жедел басқару орталығына қосу бойынша тапсырма берілген болатын. Бүгінгі таңда 919 мектептің 61 пайызы қосылды. Ол қауіпсіздік пен тәртіпке шақыру үшін өз үлесін қосады», дейді облыстық ПД бастығы Қайрат Дәлібеков.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20