Аймақтар • 06 Қазан, 2021

Банкке шабуыл жасағандар сотталды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы банк бөлімшесіне шабуыл жасаған үш қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.

Банкке шабуыл жасағандар сотталды

«Аталмыш іс бойынша 3 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталды. Олардың ішінде біреуі тонау үшін ғана емес, сонымен қатар, ірі көлемдегі алаяқтықтың бірнеше эпизоды бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Қарақшылық қылмыстың тағы екі сыбайласы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, алаяқтығы үшін сотталған адамнан іс бойынша жәбірленушілердің пайдасына шамамен 60 млн теңге мөлшерінде келтірілген материалдық залалды өндіріп алу туралы шешім шығарылды», деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енді және орындалды. Сотталғандар жазасын өтеуге жіберілді.