Әлем • 07 Қазан, 2021

87 мыңнан астам балаға вакцина салынды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда 87 мыңнан астам балаға Pfizer вакцинасы салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

87 мыңнан астам балаға вакцина салынды

Бұл туралы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Министрліктің мәліметінше, Өзбекстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері мен Ұлттық техникалық иммунологиялық сараптаманың шешімімен, 28 қыркүйектен бастап ата-анасы мен қамқоршыларының келісімімен 12 жастан асқан балаларға ерікті екпе егу енгізілді. Осыған дейін 12-15 жас аралығындағы балаларға жасаған зерттеуде коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының клиникалық зерттеулерінің нәтижелері бұл вакцинаның жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын салуды ұсынған болатын.

«5 қазандағы жағдай бойынша біздің елімізде 12-18 жас аралығындағы 87 710 бала Pfizer вакцинасын ерікті түрде салдырды. Қазіргі уақытта елімізде жаппай вакцинациялауды 3138 вакцинация пункті мен 18 828 бригада жүргізіп жатыр. 12 жастан асқан балаларға ата-аналары мен қамқоршыларының келісімімен аймақтың кез-келген вакцинация орталығында коронавирусқа қарсы екпе жасауға болады», деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствода атап өткендей, елге Pfizer/BioNTech вакцинасының барлығы 1 200 000 доза импортталды, 5 қазанда бұл вакцинаның 465 010 дозасы вакцинация процесінде қолданылды.