Қоғам • 07 Қазан, 2021

Автобусқа мінуге электронды билет жарамды – ҚР ИИДМ

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұдан былай қазақстандықтар автобуспен қатынау үшін электронды билет алуға тиіс. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесіне осындай өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автобусқа мінуге электронды билет жарамды – ҚР ИИДМ

4 қазандағы бұйрықта көрсетілгендей, бұдай былай жолаушы автобусқа мінерде сатып алған электронды билетін немесе жеке куәлігін көрсете алады.  Айта кетерлігі, куәліктің түп-нұсқасынан бөлек, цифрлық құжаттар сервисіндегі электронды нұсқасы жарамды саналады. Автобусқа мінгізерде жолаушының билетте көрсетілген аты-жөні мен куәлігіндегі жазбасы тексеріледі.

Халықаралық және қалааралық бағыттардағы автобустың жолақысы мен жүк ақысын бұрынғыдай автобекеттер мен жолаушыға қызмет көрсететін орындар мен ақпараттық жүйе арқылы қабылданады.