05 Мамыр, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қ.Сүлейменов Президентті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарса­ңын­да ардагерлерге қолдау көрсету үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде көп іс атқарылғаны туралы хабардар етті. Кездесу кезінде Қазақстанда 14376 соғысқа қатысушы тұраты­ны атап өтілді. Мерейтой қарса­ңында 300-ден астам ардагер мем­лекеттік наградаға ұсыныл­ған. Жеңісті атап өтуге арналған салтанатты мере­ке­ге қатысу үшін 32 қазақстандық Мәскеуге, со­ғысқа қатысушының бесеуі Санкт-Петербургке, екеуі Прагаға бара­тын болды. Бұдан басқа, қайтыс болған қазақстан­дық­тардың туған-туыстары болып келетін 155 отбасы өз әкелері мен аталары жерленген жерге баруға тілек білдірген. Осы мақсатқа қажетті қаражат бөлінді. Әңгіме барысында Президент бірде-бір ардагер мемлекет тарапы­нан қамқорлықсыз қалмауы тиіс екенін ерекше атап өтті.