Әдебиет • 08 Қазан, 2021

«Ер Төстік» әдеби бай­қауының жеңімпаздары марапатталды

95 рет көрсетілді

Мәдениет және спорт ми­нис­трлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітап­ханасы «Балалар әдебиеті» жы­лына орай жариялаған балалар мен жасөспірімдер шығармаларына арналған «Ер Төстік» атты әдеби бай­қау жеңімпаздарын марапаттады.

Мазмұнды іс-шараның мақ­саты − балалар мен жасөспірім­дерге арнап жазатын талантты қалам­герлерді анықтау және балалар әдебиетін қолдау мен дамыту. Биылғы байқау 2 тамыз бен 2 қазан аралығында өтіп, оған 90 автордың шығармасы түскен. Оларды белгілі ақын-жазушылар сарапқа салды.

Марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтіп, оған қоғам қайраткерлері мен қаламгерлер қатысып, жеңімпаздарға жылы лебізін білдірді.

− Баламыз атқа шапса, қуа­на жар салатын халықпыз. Бола­шағымызды жалғастырушы балаларымыз екенін де үнемі айтып жүреміз. Одан бөлек, қазақта ежел­ден келе жатқан жақсы сөз бар. «Шабылмаған жүйрікті, ша­­ғыл­маған бала шапсын» деген. Сол айтқандай, бүгінгі «Ер Төстік» әдеби байқауында ізі біт­пейтін, тұяғы кетпейтін тұлпарды иеленген жүйріктеріміз әрдайым шаба берсін. Барлық же­ңімпазды құттықтаймын! − деді, ақын, Мем­­лекеттік сый­лықтың лауреаты, Қазақстан Жа­зушылар ода­­ғының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Сонымен өнер бәйгесінің «Проза» аталымында бірінші орын­ды Нұрбек Нұржан жеңіп алса, «Ертегі» аталымында Бал­нұр Қы­зырбекқызының бағы жанды. Ал «Балаларға арналған өлеңдер» аталымында белгілі ақын Шәмшия Жұбатова жеңім­паз атанып, «Үз­дік иллюстрация» аталымында бірінші орынды талантты суретші Жеңіс Кәкен иеленді.

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да алып бала дүниеге келді

Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023

Ұқсас жаңалықтар