Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Республиканың кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін 10 қазанда атап өтілетін кәсіби мерекесімен, ал Кәсіподақтар федерациясын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін келе жатқан Қазақстанның кәсіптік одақтары күнімен құттықтаймын!
Бүгінде әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде кәсіподақтар құрылып, жұмыс істеуде, олардың құрамына 3 млн.-нан астам жұмыскер кіреді. Олардың ішінде 23 салалық кәсіподақты, 17 аумақтық кәсіподақтар бірлестігін және 17 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымын біріктіретін Кәсіподақтар федерациясы ең өкілді және жаппай кәсіподақ ұйымы болып табылады.
Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан тәуелсіздігімен құрдас және биыл оның 30 жылдығын атап өтудеміз. Осы жылдар ішінде Кәсіподақтар федерациясы экономикалық даму және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық мақсаттарына қол жеткізуде өзін белсенді қатысушы және Үкіметтің әріптесі ретінде көрсетті.
Бұған мысал – 2021-2023 жылдарға арналған жаңа ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімнің жобасымен жасалған жұмыс. Кәсіподақтар федерациясы өз алаңында алғаш рет барлық республикалық кәсіподақтар бірлестіктерін біріктіріп, кейіннен ағымдағы жылдың наурыз айында қол қойылған Бас келісімнің негізін құраған құжаттың жобасын дайындады.
Бас келісім шеңберінде мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ескере отырып, тараптардың әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі негізгі міндеттемелері бекітілген:
- Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарына сәйкес ең төменгі мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды және әлеуметтік қамсыздандыру нормаларын кезең-кезеңімен арттыру жөніндегі мәселелерді қарау;
- өз мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің рөлін арттыру.
Бүгінгі күні мемлекетке еңбек қатынастары субъектілерінің мүдделерін оңтайлы үйлестіруге қол жеткізе алатын күшті және жауапты кәсіптік одақтар әсіресе қажет.
Бірлескен күш-жігерімізбен біз Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірледік. Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай өндірістік жарақаттану 10%-ға төмендейді деп күтілуде.
Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде биыл 300-ге жуық еңбек дауының алдын алуға, сондай-ақ 20 мың жұмыскер алдында 4,7 млрд теңгеден астам сомаға жалақы берешегін өтеуді қамтамасыз етуге қол жеткізілді.
Кәсіподақтардың көмегімен жұмыскерлерге арналған қосымша әлеуметтік пакеттерді көздейтін ұжымдық шарттармен қамту 98,4%-ды құрайды.
Республика кәсіпорындарында 15 мың өндірістік кеңес құрылды және жұмыс істейді, олардың міндеттеріне еңбекті қорғау жөніндегі 17 мыңнан астам техникалық инспектордың қатысуымен жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыру кіреді.
Еліміздің 216 кәсіпорны халықаралық Әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы әзірлеген «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын енгізді.
Кәсіподақтар федерациясы ҚР Тұңғыш Президенті құрған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын ұйымдастыруға үлкен үлес қосуда.
Ағымдағы жылы бізді Қазақстан Республикасында Әлеуметтік кодекс пен 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу бойынша үлкен бірлескен жұмыс күтіп тұр.
Қазақстанның барлық кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен тағы да құттықтаймын! Жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қосып жатқан баға жетпес үлестеріңіз үшін рақмет! Сіздерге алдағы уақытта да белсенді әрі жемісті жұмыс тілеймін», деп жазылған Серік Шәпкеновтің құттықтауында.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар