Дамир Дәулетұлы 1989 жылы 18 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, мемлекеттік жергілікті басқару бакалавры, есеп және аудит магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстанның Ауыл жастар одағы» Оңтүсітк Қазақстан облысы филиалы төрағасының орынбасары болып бастаған.
2010-2016 жылдары Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығы» МКМ бөлім басшысы, директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.
2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» жоба менеджері, Оңтүсітк Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы қызметтерінде жұмыс істеген. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болған.
Ол осы тағайындауға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет пен қоғам коммуникациясын дамыту департаментіне қарасты басқарма жетекшісі қызметін атқарды. (2021 жылдың қыркүйегінен бастап).