Білім • 08 Қазан, 2021

Ұстаздардың жалақысы айтарлықтай өсті

1453 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Алты алаштың баласы бас қосса – төр мұғалімдікі» деген екен Мағжан Жұмабаев. Бүгінгі жастың болашағы тікелей мұғалімнің берген біліміне, бағыт-бағдарына байланысты. Үлкен өмірге ата-ана қалай баулыса, мұғалімнің міндеті де дәл солай. Алайда, мынау нарық заманда ұстаздың айлығы, жұмысына сай болуы, мәртебесінің биік болуы керек. Осыны ескерген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қол қойған. Сөйтіп мектеп мұғалімдерінің ғана емес, жоғары оқу орында сабақ беретін ұстаздардың да айлықтары артты, деп жазады Egemen.kz.     

Ұстаздардың жалақысы айтарлықтай өсті

Кеше ғана көтерілген жалақы алған Шығыс Қазақстан техникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы айлықтарының артқанын көріп қуанып жүр. Мынау қымбатшылық заманда заң қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ерен еңбегімен ұстаздардың алғысын арқалап жүрген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке мұғалімдер қауымы риза.

Естеріңізде болса, Қазақстанда жаңа 2021-2022 оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының қолдауымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне ең төменгі жалақыны белгілеу, сондай-ақ педагогикалық жүктемені азайту туралы бұйрық қабылдады. Соған орай атылмыш оқу орнында ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің жалақысы 1 қыркүйектен бастап айтарлықтай жоғарылады.

Техникалық университет ректоры Жасұлан Шаймардановтың мәліметтері бойынша штаттағы оқытушының базалық жалақысы 200 мың теңгені, аға оқытушының жалақысы 230 мың теңгені, профессорлар қауымдастығының (доценттің) жалақысы 260 мың теңгені, профессордың жалақысы 350 мың теңгені құрады.

«Бір мөлшерлеменің максималды көлемі енді оқу жылы ішінде 550 сағаттан аспайды, яғни оқу жүктемесі төмендетілді. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысуына көбірек мүмкіндіктер мен уақытын қамтамасыз етуге арналған», деп түсіндірді Жасұлан Шаймарданов.

Сонымен қатар ЖОО оқытушылары үшін ынталандыру үстемелері де қарастырылған. Осылайша, Хирша индексі бар (ғылыми жарияланымдар массиві) – 3 және одан жоғары; білім беру бағдарламаларына жетекші басшылық ететін; ҚР БҒМ ұсынған оқулықтарды жариялайтын; РОӘК ұсынған оқу-әдістемелік құралдарды шығарумен айналысатын педагогтар жалақыға үстемақыны қоса алады. Қоса айта кетерлігі, оқытушылар жалақы бонустарын студенттердің пәндік олимпиадалардағы, спорттық жарыстардағы, ҚР БҒМ ұсынған СҒЗЖ конкурстарындағы елеулі жетістіктері үшін, сондай-ақ кәсіби бағыт бойынша халықаралық деңгейде сертификатталған курсты меңгергені үшін ала алады.

ЖОО оқытушыларында IELTS Academic, TOEFL IBT, TOEFL PBT, TOEIC халықаралық сертификаттарының, Teaching Knowledge Test ағылшын тілі сертификатының, Қазтест сертификатының (Ана тілі емес) болуы қосымша төлемдер үшін негіз болып табылады.

Мысалы, «А» мұғалімінің ELTS сертификаты (KazTest) бар ең төменгі жалақысы 245 мың теңге, аға оқытушы «B» (ғылыми дәрежесі бар) Хирш индексі 3 және IELTS сертификаты (KazTest) болса, 338 мың теңге болады, Хирш индексі 5 және IELTS сертификаты (KazTest) бар «С» қауымдастырылған профессор (доцент) 378 мың теңгені құрайды, Хирш индексі 10 мен IELTS сертификаты бар «D» профессоры (KazTest), 540 мың теңгені құрайды.

«Ғылыммен айналысқан мұғалім тұрмыстық мәселелерге көп алаңдамауы керек. Ондай болса, жұмыстың сапасы кетеді. Белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі қиындайды. Сондықтан ЖОО оқытушыларының жалақысын индекстеу өте маңызды әрі уақтылы жасалған қадам деп санаймын. Лайықты еңбек лайықты төлемге сай болғаны дұрыс», дейді физика-математика факультеті деканының орынбасары Гауһар Тәжібаева.