Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған З.Дияс алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 121-сатыда тұрған жапониялық Нао Хибиномен кездесті. Бұған дейін қарсыластардың өзара төрт мәрте жолдары тоқайласып, соның үшеуінде жапониялық теннисші жеңіске жеткен еді. Бұл жолы 1 сағат 14 минутқа созылған матчта З.Дияс 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Бәсеке барысында қазақстандық спортшы 2 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді. З.Дияс екінші айналымда әлемнің бесінші, доданың 3-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчиковамен ойнайды.
Қазақстандық, әлемнің 108-ракеткасы Зарина Дияс Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлытау облысында 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
Экономика • Бүгін, 10:15
Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады
Экономика • Бүгін, 10:00
Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40
Қылмыстық топтың тәркіленген мүлікті шетелдіктерге сату әрекеті әшкереленді
Қылмыс • Бүгін, 09:34
Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейе түсті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:33