06 Мамыр, 2010

КӨКТЕМГІ ЕГІС

599 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
ТАБЫС  КӨЗІ – ТИЯНАҚТЫЛЫҚТА Ақмола облысы тәуекелді егін­шілік аймағында орналасқан­ды­ғы және болашақ өнімнің тағ­дыры алдымен топырақтың ыл­ғал­мен қаншалықты қамтамасыз етілгендігіне байланысты болып келетіндігі белгілі. Осыған орай, агро­техникалық шараларда қате­лік­терге жол бермеу үшін әр ша­руа­шылықта, әр алқапта қанша ыл­ғал барын дәл анықтап, біліп отырудың маңызы зор. Облыс аудан­дары бойынша тұтастай алған­да, күзгі-қысқы кезеңдерде орта есеппен 111 миллиметрден 223 миллиметрге дейін ылғал жинақталды. Сөйтіп, өткен жыл­дың тиісті мерзімімен салыс­тыр­ған­да ылғал қоры жоғары болуы­мен ерекшеленді. Оның үстіне, 1,2 миллион гектар алқапта қар тоқтатылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 26 пайызға артық. Биыл да бұрынғысынша егіс алқаптарының құрылымында азық-түліктік бидай жетекші орын алады. Оның үлес салмағы 90 пайыздан асқалы отыр. Көк­темгі егісті ойдағыдай өткізу үшін облыс тұқым қорымен толық қам­тамасыз етілген. Тіпті, жеке­ле­ген сорттары бойынша артық тұқым қоры да бар. Барлық тұ­қым тиісті себу кондициясына жеткізілген. Олардың 83 пайызы бірінші, екінші класты тұқым. Әлемдік рыноктағы астық ба­ғасы тек қана дәнді дақылдармен шектелуге болмайтындығын көр­сетуде. Яғни, егіншілік саласын әртараптандыру уақыт талабына айналды. Биыл майлы дақылдар 86 мың гектар алқапқа себіліп, екі есе өспек. Нақты табиғи-кли­мат­тық жағдайларға қарай оны өсіру технологиясы да игерілген. Осы бағалы дақылды қабылдап, өң­дей­тін кәсіпорындар қатары өс­кендігін айтқым келеді. Олардың өндірістік қуаттары өздерінде өндірілген майлы дақылдарды ғана емес, сонымен бірге, әріп­тес­тік ынтымақтастықтағы ша­руа­шылықтарға қолқабыс жасауға да мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы картоп өсіру 19 пайызға және көкөніс көлемі 13 пайызға артатын болады. Өйт­кені, өңірлік даму бағдарла­ма­сын­да ақмолалықтар Щучье-Бурабай курортты аймағы мен Астана қаласын азық-түлікпен жабдық­таушылардың бірі екендігі атап өтілген. Биыл картоп өн­дірісін ынталандыру мақсатында қаржы көлемінің арттырылған­ды­ғы жұртшылықты серпілтіп отыр. Көктемгі егіс алқаптарының құ­рылымында малазықтық да­қыл­дар 61 мың гектарды құрай­тын болады. Бұл мал шаруа­шы­лы­ғын өркендету арқылы жаңа тұр­патты аграрлық-индустриялық өндірісті құруы­мызға жол аша­тыны сөзсіз. Соңғы үш жылда облыстың ауыл шаруашылығы кәсіп­орын­дары жалпы құны 45 миллиард теңге құрайтын 696 трактор, 1030 астық жинау комбайнын, 600 тұқым­сеп­кіш, 390 бірлік жоғары өнімділіктегі егістік кешендерін са­тып алды. Бұл ауыл шаруа­шы­лы­ғын құралдармен жабдық­та­у­ды нормативтік деңгейге жеткізді. Ағымдағы жылдың кешенді жоспарларына сәйкес, тағы да 156 астық комбайны мен 46 егіс кешендерін сатып алу көзделіп отыр. Олардың барлығы көктемгі егіс және астық жинау жұмыс­та­рына қатыстырылатын болады. Мұ­нымен қоса, шаруа қожа­лық­тарында 4 мың техника бар. Бұл облыстың егістік алқаптарының 23 пайыздық үлесін иеленеді. Бірақ, мұнда мәшине-трактор пар­кін жаңарту қолға алынбай отырғанын айтуға тиіспіз. Қазір қолда бар техникаларды жөндеу жұмыстары еңсеріліп қалды. Сондай-ақ, мемлекеттің қатысуымен құрылған 6 мәшине-технологиялық стансаларының техникаларын тиімді пайдалану міндеті қойылды. Олардың барлық қуаты ең алдымен шаруа қожалық­тарына қызмет көрсетуге бағыт­тала­тын болады. Көктемгі егіс науқанын ойда­ғы­дай өткізуде жанар-жағармай мате­риалдарымен жабдықтау ай­рықша маңызды. Ағымдағы жылы дизель отынының қажеттілігі 72 мың тоннаны құраса, бүгінгі күнге дейін оның 52 пайызы сатып алынды. Орын алған фитосанитарлық жағдай өсімдіктерді зиянкес­тер­ден, арамшөптер мен аурулардан қорғау бойынша шаралар өткізу­ге ерекше назар аударуды қажет ете­ді. Биылғы жылы дәнді да­қыл­дар тұқымының 90 пайызын немесе 512 мың тоннасын дәрі-дәрмек­пен залалсыз­дандыру жос­пар­лануда. Облыс бойынша тыңайтқыш қолданудың ең төменгі деңгейі 120 мың тоннаны құрайды. Ми­не­ралды тыңайтқыштардың ар­зан­дауына мемлекет тарапынан қолдау көр­сетіліп келеді. Биыл 23 мың тон­на­дан астам минералды тыңайт­қыш­тарды қосымша қар­жы­лан­дыруға 701 миллион теңге бөлінді. Атаулы мемлекеттік қол­дау тыңайт­қыш бағасын 50 пай­ы­зға арзан­датуға мүмкіндік бе­реді. Мұндай көмектің кең тармақты­лығы байқалуда. Үкіметтің арнайы шешімімен жанар және жағармай, герби­цид­тер бағасының арзандауы үшін біздің облысқа бюджеттік қара­жат­тан 2,2 миллиард теңге бөлі­ніп, егістік алқаптарының құры­лымы мен көлеміне байланысты аудандарға таратылды. Жалпы, облыстың егістік ал­қа­бын субсидиялаудың барлық бағдарламасы бойынша 3,6 мил­лиард теңге қаражат бағытталды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы көк­темгі егіс пен орақ жұмыстарын өткізудің қаражат айналымын тол­тыру мақсатында “КазАгро” ұлт­тық холдингі “Азық-түлік ке­лі­сім-шарт корпорациясы” және “Аграр­лық несиелеу корпорация­сы” АҚ-тар арқылы бөлінген не­сиелік қаражаттың жалпы сомасы 34 миллиард теңгені құрайды. Қазір аталған көлемнен 20 мил­лиард теңге несие қолға тиді. Өті­нім қабылдап, оларды қарау жалғасуда. Кез келген салада білікті ма­ман­дар даярламай, белгілі бір нә­ти­жеге жету мүмкін емес. Бұл ба­ғыт­та айтарлықтай жұмыстар атқа­рылды. Біліктілікті арттыру курс­тарында 300 механизатор оқы­тыл­ды. Сондай-ақ, 50 шаруа қо­жалы­ғының жетекшісі қайта даярлықтан өтіп, 100 агроном арнайы емтихан сынақтарын тапсырды. Механизаторларды даярлау бой­ынша “Агромашхолдинг” фи­ли­алы және “Джон Дир”, “Клаас” ком­панияларының фи­ли­алдары­мен мүдделі жұмыстар жүргізілуде. Со­­нымен бірге, Шор­танды ауда­нын­­дағы Бараев атындағы ғылы­ми-өндірістік орталық базасында былтыр ұйым­дастырылған “Каз­агроиннова­ция” акционерлік қо­ға­мының оқыту орталығы белсен­ділік танытып отырғанына ри­замыз. Диқандарымыз 2010 жылды “Сапа мен өнімділікті арттыру жылы” ұранымен бастағалы отыр. Уақыт молшылықты ғана емес, тиімділікті де алға тартып отыр­ға­ны осыдан-ақ аңғарылады. Бұл орайда ақмолалық диқандардың жүзі жарқын болатындығына сенімдіміз. Қадырхан ОТАРОВ,  Ақмола облысы әкімінің орынбасары. Ақмола облысы.