Nur Otan Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның сайлауалды бағдарламаларының Түркістан облысында іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бірнеше жыл бұрын Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанды жаңғырту туралы қабылдаған шешімі еліміз үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін тарихи оқиға болды. Қысқа мерзім ішінде руханиятымыздың діңгегі болған көне де қасиетті қала қайта түледі», деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарлама аясында 2025 жылға дейін өңірде көптеген әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Облыста 5 жылға жоспарланған 1956 іс-шараның 20%-тен астамы орындалды. 364 мың шаршы метр тұрғын үй, 15 жаңа мектеп, 8 мәдени нысан салынды. Жыл соңына дейін 717 елді мекен сапалы ауыз суға қол жеткізеді, сондай-ақ өңірдің тағы 65 мың тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етіледі.
2025 жылға дейін облыста 66 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Бүгін Бауыржан Байбек партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Түркістанда салынған қалалық орталық аурухананы аралады.
«Медицина қызметкерлерімен бірге денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде өңірлерде білікті мамандардың жетіспеушілігі мәселесін талқыладық. Бұл мәселені шешу үшін партия нақты мақсаттар қояды. Атап айтқанда, балалар дәрігерлерін қоса алғанда, арнаулы салаға маманданған медицина қызметкерлерін даярлауға арналған гранттар саны артады. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге көбейіп, кемінде 550 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы кемінде 190 мың теңгені құрайды. Тірек және серіктес ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылып, жаңғыртылады. Жалпы, барлық көздерден денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 5%-тіне дейін жеткізілетін болады», деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Сол күні Бауыржан Байбек голливудтық Disney кинокомпаниясының мемлекеттік тілге дубляждалған «Жан» мультфильмінің көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына арналған қайырымдылық көрсетіліміне барды. Бұл – «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жоғары халықаралық стандарттар бойынша ағылшын тілінен қазақ тіліне дубляждаған 37 шетелдік кинокартинасының бірі.
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, «Бақытты отбасы» жобасы аясында партия дарынды балаларды анықтау және қолдау жұмыстарын күшейтеді, спорттық секциялар мен балалар үйірмелері ашылады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін бүкіл ел бойынша 234 арнайы орталық ашылады.
Түркістан облысына сапар барысында Бауыржан Байбек Jastar-Otanga! халықаралық жастар форумының қатысушыларымен де кездесті.
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар