Оқиға • 09 Қазан, 2021

Грузияда Батумиде қаза болғандарды аза тұту күні жарияланды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияда Батумидегі көп қабатты үйдің қирауы нәтижесінде алты адам қаза тапқаннан кейін 11 қазан аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грузияда Батумиде қаза болғандарды аза тұту күні жарияланды

Бұл туралы Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили мәлімдеді.

Естеріңізде болса, Батумидегі 26 мамыр көшесінде жеті қабатты үй құлап, бес адам, оның ішінде екі бала қаза тапқан.

Түн ортасында құтқарушылар жараланған әйелді үйінді астынан шығарды. Кейін ол ауруханада қайтыс болды.

Үйінді астынан барлығы төрт адам құтқарылды, оның ішінде екі бала бар.

Оқиға орнында 300 адамнан тұратын құтқару тобы жұмыс істеп жүр.