Әлем • 11 Қазан, 2021

Қытай Тайваньмен қосылуды көздейді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай басшы­сы Си Цзинь­пин Тайваньмен «бейбіт түрде қосы­латынына» уәде берді. Кейінгі уақыт­та аталған өңірдегі ахуал ха­лық­аралық қоғамдастықтың алаңдау­шылығын туғызып отыр.

Қытай Тайваньмен қосылуды көздейді

Тайвань тарапы Си Цзиньпиннің әрекетін айыптап, Бейжіңді мәжбүрлеу жоспарынан бас тартуға шақырды.  Сондай-ақ ел болашағын тек Тайвань халқы шеше алатынын тағы да ашық айтты.

Демократиялық жолмен жүретін Тайваньнің егемендігін Бейжің билігі мойындаған емес. Бірақ Тайпей өз бостандығын қорғауға уәде берді.

Тайваньда президент кеңсесі өздері­нің Қытай Халық Республикасының құрамына кірмейтін, егемен, тәуелсіз ел екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Қытай­дың «бір ел, екі жүйе» туралы жоспарын қабылдамайтынын тағы да қайталап айтты. «Ұлттың болашағы – Тайвань халқының қолында», делінген президент әкімшілігі жариялаған хабарламада.

АҚШ Мемлекеттік департаменті­нің өкілі Вашингтонның Тайваньға қатысты ұстанымы өзгеріссіз қалаты­нын қай­талап, америкалықтар Тайвань халқы­ның тілектері мен мүдделерін ескеріп, өңір­дегі мәселелерді бей­біт жолмен шеш­уді қолдайтынын жеткізген.

«Біз Бейжіңнің Тайваньға қарсы әскери, дипломатиялық және экономи­калық қысымын тоқтатып, Тайваньмен маңызды диалог жүргізуге шақырамыз», деді баспасөз хатшысы.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қытай әуе күштері 1 қазаннан бастап Тайваньның әуе кеңістігін бұзып кірген. Оған 150 -ге жуық ұшақ қатысқан, алайда бұл заңсыздық аяқталды.