Коронавирус • 11 Қазан, 2021

5 өңір «қызыл» аймақта

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

5 өңір «қызыл» аймақта

Осыған сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары енген.