Қоғам • 11 Қазан, 2021

Есірткі жарнамалаған 555 сайт бұғатталды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері қазақстандық интернет қолданушыларға есірткіні, психотроптық заттармен прекусорларды таратуға бағытталған мәлімет ұсынған 965 сайт анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі жарнамалаған 555 сайт бұғатталды

Ішкі істер министрлігінің ақпарат алаңында өткен брифингіде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев осындай мәлімет берді.

«Есірткіні жарнамалап, насихаттайтын сайттарды бұғаттау мәселесіне келсек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті интернет кеңістікке тұрақты монторинг жүргізіп отыр. Сол арқылы есірткіні, психотроптық заттар мен прекусорларды таратуға бағытталған мәліметі бар сайттарды, әлеуметтік желідегі жазбаларды, жарнамаларды анықтайды. Аптаның жеті күнінде 24 сағат бойы мониторинг жасау арқылы белгілі болған сайттар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бұғаттау үшін жолданады. Олар біз берген мәліметтер бойынша жедел шешім қабылдайды. Жыл басынан бері 965 сайт анықталып, 555-і бұғатталды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты режимде жалғасып келеді», деді Берікхан Нұрғалиев.