Қоғам • 11 Қазан, 2021

Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Түркі академиясына арнайы келді

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Халықаралық Түркі академиясына Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг бастаған делегация арнайы келіп, Академия жұмысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Түркі академиясына арнайы келді

Алқалы кездесуге Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг, Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн Баттулга, Моңғолия Сыртқы қатынастар министрлігінің Азия, Тынық мұхит елдері департаменті директоры Эрдэнэцогтын Сарантогос, Моңғолия Парламентінің депутаттары Төмөртоогоогийн Энхтүвшин және Тілеухан Әубәкір қатысты.

Жиын барысында Түркі академиясы шығарған бірқатар кітаптардың таныстырылымы өтті.

Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг тамырлас елдердің ортақ құндылықтарын зерттеп, халықтардың бауырластығын бекемдеуде Академияның еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, Академия басшысы Дархан Қыдырәліге Моңғолия Президентінің Жарлығымен берілген Моңғолия мемлекетінің жоғарғы марапаты ‒ «Алтын жұлдыз» орденін тапсырды.