Жамбыл облысының орталығында «Таразға тарту» жобасы аясында гимнастика және үстел теннисі спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараздықтарды кешеннің ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде өңірде бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауқымды шаралар атқарылып жатқанын айтты.
«Әрбір мемлекетті, ұлтты әлемге танытатын, абыройын арттыратын бірден-бір дүние – спорт. Тәуелсіздік жылдары Қазақстаннан талай Олимпиада, Әлем, Азия чемпиондары шықты. Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес өңірде бұқаралық спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың көрсеткіші артып келеді.
Бүгінде олардың саны 400 мыңға жуықтап, 34,4 пайызды құраса, біз бұл көрсеткішіті 40 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Жастарымыз спортпен айналысып, жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс. Ол үшін жергілікті билік жағдай жасауы қажет. Жыл сайын жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өткен жылы 14 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 92 спорт алаңшасы қолданысқа берілді.
Облыста алғаш рет ашылып отырған гимнастика және үстел теннисі спорт кешенін салып берген жеке инвестор «ТаразСтрой2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мейірбек Жүнісбековке алғысымызды білдіреміз. Мұндай заманауи нысанда жаттыққан балалар ертең чемпион атанарына сенімдіміз», деді облыс әкімі.
Үстел теннисінің ардагері Анатолий Гончаров қазір елімізде спорттың бұл түрі жақсы қолға алынып, дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, жаңа ғимараттың жабдықталуын жоғары бағалады.
«Үстел теннисі – бұл әлемдегі ең танымал және 850 миллионнан астам жанкүйері бар олимпиадалық спорт түрі. Облыста әуесқой деңгейде үстел теннисімен 9734 спортшы, кәсіби деңгейде 640 спортшы айналысады және 21 жаттықтырушы бар. Бүгінгі ашылып отырған кешен спортшылардың кәсіби өсуіне және шұғылданушылар контингентін арттыруға жағдай жасайды», деп сенім білдірді ол.
Акробатика және батуттағы гимнастикадан спорт ардагері Ольга Назарова кең әрі жоғары деңгейде жабдықталған зал гимнастиканы тиісті деңгейде дамытуға және балаларды дене шынықтыру мен спортқа жаппай тартуға мүмкіндік беретінін айтты.
Мұнда оқу-жаттығу сабақтарын, шеберлік сыныптарын өткізу үшін кәсіби спортшылар мен жаттықтырушыларды тарту жоспарлануда.
Сыйымдылығы 600 адамды құрайтын кешен үстел тенисі (300 адам) және көркем гинастикаға (300 адам) арналған екі үлкен спорт залдан тұрады. Құны 1,5 миллиард теңге болатын жоба құрылысы ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, бүгінде толығымен аяқталған.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар