12 Ақпан, 2014

Сапарлар мақсаты – түсіндіру

354 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев, сенаторлар Владимир Бобров, Ермек Жұмабаев, Асхат Күзеков және Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев Павлодар облысында болды. Парламент депутаттарының сапары Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсін­діру жұмыстарына арналды. Депутаттар Павлодарда «Қа­зақстан электролиз зауыты» ак­ционерлік қоғамында болып, ең­бек ұжымымен кездесті. Парламентшілер, сондай-ақ,­ Мемлекет басшысының Жолдауындағы және «Нұр Отан» партиясының ХV съе­зінде айтылған тапсырмалары қаралған «Нұр Отан» пар­тиясының қалалық конференция­сына қатысты. Жоғарғы палата Төрағасының орынбасары өз сөзінде Президенттің халыққа Жолдауындағы міндеттерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі жоспармен таныстырды.   Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік істері бойынша комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков бастаған депутаттар тобы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясында болып қайтты. Әскери училищенің оқы­ту­шылар құрамы мен курсанттары алдында сенаторлар Қазақстан Республикасы Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын насихаттап сөз сөйледі. Президент Жолдауы институты жыл сайын еліміздің жаңа тарихын ашатын саяси дәстүрге айналғандығы атап өтілді.   Парламент Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының ережелерін түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында болды. Аймақтағы жергілікті атқарушы және өкілді билік өкілдерімен кездесуде депутат Сенаттың заң шығару қызметі туралы хабардар етті. Т.Абайділдин Мемлекет басшысының бағдарламалық құжаттарында қазақстандықтар туралы қамқорлыққа, олардың әл-ауқатын жақсартуға баса назар аударылғанын атап өтті.   Сенатор Елеусін Сағындықов аймақтарға депутаттық сапары аясында Ақтөбе облысындағы Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандарында болды. Сенатор аймақтағы әлеу­мет­тік нысандарды аралап, Ин­дус­триялық-педагогикалық тех­никумдағы өнеркәсіп үдеріс­те­рімен таныс­ты және ауыл еңбек­керлерімен кездесті. Еңбек ұжымдарымен жүздесу барысында Е.Сағындықов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді.   Парламент Сенатының депутаттары Светлана Жалмағамбетова мен Жабал Ерғалиев Көкшетау қаласы әкімінің халыққа кезекті есеп беруіне қатысты. Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театрындағы жұртшылық және жастар өкілдерімен кездесудің басты тақырыбы Мемлекет басшысы Жолдауының тарихи маңызы болды. «Мәңгілік Ел туралы Елбасы 2013 жылғы Жолдауда алғаш рет айтқан болатын. Ал бұл жолғы Жолдауда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаев келешекте оған қол жеткізудегі бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндетімізді көрсетті», деп атап өтті сенаторлар.   Сенатор Сергей Плотников Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру жұмыстарына атсалысты. Депутат Шығыс Қазақ­стандағы Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен кездесті. С.Плотников сапары аясында облыс әкімі, «Бәйтерек» холдингінің басшылары мен өңір кәсіпкерлері қатысқан отырысқа, сондай-ақ, Өнеркәсіпшілер мен кәсіп­керлердің Шығыс Қазақстан ассоциациясы директорлар кеңесінің көшпелі отырысына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.   Парламент Мәжілісінің депутаты – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Ұласбек Сәдібеков Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында профессор-оқыту­шы­лар құрамымен және студент жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Н.Назар­баев­тың Қазақстан халқына ар­наған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының ел дамуындағы маңыздылығы айтылып, Жол­дау жан-жақты түсіндіріліп, талқы­ланып, насихатталды.   Парламент Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина Астана қаласының кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің студенттерімен кездесті. Жастармен жүзесуде «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай партия доктринасының негіз­гі бағыттары түсіндіріліп, Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­­зақ­стан жолы – 2050: бір мақ­сат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.   Парламент Мәжілісінің депутаты Ромин Мәдинов Петро­павл қаласында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы­ның қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдады. Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жол­дауының ел дамуындағы маңыз­дылығына тоқталған депутат, Жолдауды жан-жақты түсіндіріп, насихаттады. Мүмкіндігі шек­теулі адамдарды қолдау мәселесі бойынша жұмыс тобының оты­рысында, мүгедектер қоғам­дық бірлестігінің өкілдері бір­қа­тар түйінді мәселелер мен ұсы­ныстарды айтты.   Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов «Нұр Отан» партиясының Павлодар облысындағы Баянауыл аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мемлекет пен қоғам дамуының негізгі басым бағыттары жөнінде әңгіме болды.   Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова Ақмола облыстық «Медиа-орталығында» облыстық ішкі саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының қолдауымен «Ұлт бағамы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен және «Қазақстан – Көкшетау» телеарнасының журналистерімен кездесті. Кездесудің басты тақырыбы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жол­дауын түсіндіріп, насихаттау бол­ды. Депутат жиналғандарға Жол­дауда көрсетілген мемлекет пен қоғам дамуының негізгі басым ба­ғыттары жөнінде баяндады.   Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исімбаева Алматы қаласының Алатау ауданындағы Өжет шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Ол Президент Н.Ә.Назар­баев­тың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бо­ла­шақ» атты Қазақстан халқына Жол­дауын­да көрсетілген мемлекет пен қоғам дамуының негізгі басым­ ба­ғыттары жөнінде түсіндіріп берді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.