Қоғам • 12 Қазан, 2021

Әлем қоғамдастығы Ауғанстанға көмек көрсетуі керек

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем қоғамдастығы Ауғанстанға көмек көрсетуі керек

«Айтарлықтай алаңдаушылық тудырып отырған тағы бір маңызды мәселе – бұл Ауғанстандағы ахуал. Әлем қоғамдастығы осынау көп қайғы-қасірет шеккен елге сыни сәтте көмек көрсетуі тиіс. Ауған дағдарысы Азия елдері арасындағы сенім шаралары мен ұжымдық жауапкершілік негіздерін нығайту маңыздылығын көрсетіп берді», деді Ақан Рахметуллин.

Оның пайымынша, сенім мен ынтымақтастықты нығайтпай қауіпсіздіктің жаһандық және өңірлік сын-тегеуіріндерін шешуде шынайы прогресске қол жеткізу өте қиын.

«Осыған орай Қазақстанның АӨІСШК-ге төрағалығының басымдықтарына сәйкес біз АӨІСШК кеңістігіндегі қауіпсіздікті, бейбітшілікті, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамыуды одан ары нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз», деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.