Білім • 12 Қазан, 2021

Айдын Рахымбаев ауылдағы мектепке директор болатын адамға 100 мың доллар ұсынады

3459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев ауылдық мектепке директор іздеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айдын Рахымбаев ауылдағы мектепке директор болатын адамға 100 мың доллар ұсынады

Компания басшысының айтуынша, күрделі жөндеуден өткен жаңа мектептің директорына 100 мың доллар немесе Елордадан 3 бөлмелі пәтер сыйға беріледі.

Мен бір-екі жыл бұрын мектепті күрделі жөндеуден өткіздім. Бірақ білімді мектеп қабырғасы емес, озық білімді мұғалім береді. Сол себепті мектеп директорларына байқау жариялаймын. Қатысушыларға үш шартым бар:

Бірінші шарт - үш жыл сол мектепте жұмыс істеу. Мектептің білім деңгейін көтеру, сондай-ақ өзіне мұрагер дайындау.

Білім ордасы ШҚО Көкпекті ауданы, Казнаковка ауылында (Құлынжан), Өскемен қаласынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан.

Екіншіден - білім беру әдісі қарапайым болмайды, Финляндияның үздіксіз білім беру үлгісіне ұқсас дайындалған, яғни 2-12 жас аралығындағы бастауыш мектеп түрінде болады. Яғни ойын мен оқыту түрінде жасалған.

Сонымен қатар үш тілде білім беру үшін мұғалімдерді қосымша іріктеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылған.

Сондай-ақ, балалардың білім алуына ата-аналардың барынша қатысуы маңызды болады.

Ал мектеп өз кезегінде ауылдың шағын қоғамдық орталығына айналады. Яғни, кешкілік, демалыс уақыттарында ауыл жастары, балалар мен ата аналар жаттығатын спорттық секциялар ұйымдастырылады. Біздің топ халықаралық тәжірибелерді мысалға ала отырып басқа да қызықты нәрселер әзірледі.