Қазақстан • 13 Қазан, 2021

Электр қуатын тұтынуды шектемек

535 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Қазақстанның бірыңғай электр жүйесінде электр энергиясын тұтынудың өсу қарқынының жоғары болуына байланысты электр энергиясы мен қуаты теңгерімі бо­йынша күрделі жағдай сақталуда. «KEGOC» АҚ-ның хабар­лауынша, 2021 жылдың 9 айында 2020 жылдың сәйкес ке­зеңі­мен салыстырғанда тұтыну өсімі Оңтүстік аймақта – 11,8%, Солтүстік аймақта – 5,8% және Батыс аймақта 6,6%-ды құрады. Қарбалас уақытта қуатты тұтыну өткен жылғы мәннен 1000-1500МВт-қа артық. Бұл қуат тұтас бір об­лыстың тұтынуымен тең. Мысалы, Алматы облысының тұ­тынуымен бірдей.

Электр қуатын тұтынуды шектемек

Жағдай БЭЖ электр стан­са­ла­рындағы апат­тық және жос­­парланбаған­ жөн­деулердің көп ­бол­уына­ бай­ланысты ге­не­­­рациялайтын қуаттардың тап­­шылығымен­ күрделене тү­се­ді. Мысалы, генерацияны ава­риялық ажыратудың ұзақ­ты­ғы 2021 жылдың басынан бас­тап 2020 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 25%-ға ұлғайды. Бұл ретте жаб­дықтың жекелеген түрлері бо­йынша бұл көрсеткіштің өсуі ай­тарлықтай жоғары: турбоаг­регаттардың авариялық тоқта­ты­лу ұзақтығы 2 еседен астам шамаға өсті (+134%, 2020 жылы 12 177 сағат, 2021 жылы 28 550 сағат), газ турбиналарының авариялық тоқтатылу ұзақтығы 43%-ға, энергия блоктық жаб­дық 18%-ға өсті.

Генерацияның жетіс­пеу­ші­­лігі тұтынушылардың электр энергиясы мен қуат­қа деген қа­жет­­тіліктерін қанағат­тан­ды­­руға мүм­кін­дік бер­мейд­і. Бұл өз кезе­гін­де Қа­зақ­стан БЭЖ тұ­тыну­шы­ла­ры­ның нақты тұ­ты­нуының жоспарлы шамадан ауытқуына әкеліп со­ға­ды. Энергия жү­йе­сі бойынша қуаттың ауыт­қу­ы шамамен 1 мың МВт құ­райды, соның ішінде тек Қазақ­стан БЭЖ-інің Оңтүстік аймағы бойынша ауытқу шамасы 700 МВт-тан асады. Ге­не­рацияның жетіспеушілігі, қуат пен электр энергиясының ауытқуы Қазақстан БЭЖ тұрақ­ты­­лығының бұзылуына қауіп төн­діреді. Ірі жүйелік ава­рия­ның пайда болу қаупі бар. Кешкі мезгілде Қазақстан БЭЖ-інің Солтүстік-Оңтүстік транзиті бойынша электр энергиясының ағыны рұқсаттық мәннен асып түседі. Генерацияның иеліктегі резерв­те­рінің толық таусылуы­­­на байланысты тұтынушылар үшін авариялық істен шыққан генерацияны алмастыру және жоспарлы импортты іске асыру мақсатында шектес энергия жүйелерінен жос­парлы жет­кі­зуд­і жүзеге асыру қажет­ті­лігі туын­дап отыр.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «KEGOC» АҚ Жүйелік оператор ретінде Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Жос­­пардан тыс тұтыну орын ал­ған жағдайда, «KEGOC» АҚ қол­да­ныс­та­ғы заңнама талап­тарына сәйкес тұтыну режі­мін сақтау бойынша тұтыну­шы­лар­дың жекелеген санаттарына ша­ралар қолдануға мәжбүр болады.

2021 жылғы 5 қазанда Жү­йе­лік операторға жүктелген міндет­темелерді орындау шең­бе­­рінде жергілікті атқарушы ор­ган­дармен келісілген кес­те­лер­ге сәйкес тұтынуды шектеу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізілді: «АЖК» АҚ желілеріндегі шектеулер – 75 МВт (асып кету – 160 МВт, диапазонынан тыс – 90 МВт). «Қызылорда ТЭК» АҚ желілерінде шектеу – 31 МВт (асып кету 39 МВт, 33 МВт). Enegix АҚ шектеулері – 68 МВт (асып кету – 100 МВт, диапа­зонынан тыс – 90 МВт).