
Жиын барысында құрылымдық бөліністер мен ведомстволардың басшылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау барысы және ішкі істер органдарының 9 ай ішінде атқарылған жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары туралы баяндады.
Отырыста жұмыстың «сервистік моделіне» көшу, полиция қызметтерінің ашықтығын, айқындығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен «кері байланыс орнату» мәселелері кеңінен қаралды.
Ерлан Тұрғымбаев «жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асырудың, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін модульдік бекеттер мен учаскелік пункттер желісін дамытудың маңыздылығын атап өтті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр қылмыстар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, зорлау, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық санының азаюына қол жеткізілді. Оң үрдістердің ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар 30 %-ға, мас күйінде құқық бұзушылық жасау 21 %-ға, қоғамдық орындар мен көшелерде орын алған құқық бұзушылықтардың үштен бірге азайды.
Бірқатар өңірлерде отбасылық-тұрмыстық қылмыс айтарлықтай төмендеді. Министр интернет-алаяқтық санының өсуіне де назар аударды. Азаматтардың сенімдерін пайдалана отырып, қылмыскерлер алдаудың әртүрлі тәсілдерін қолданады. Көбінесе ұрланған қаражат шетелге электрондық төлем жүйелері арқылы шығарылады.
«Осыған байланысты ҚР ІІМ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында елден тыс, шектес мемлекеттер аумағында жасалатын осындай қылмыстарға қарсы іс-қимыл тетігін бірлесіп әзірлеу туралы бастама жасады. Алаяқтық іс-әрекеттер мен түрлі қаржы пирамидаларының қызметінің кесірінен азаматтарға айтарлықтай материалдық зиян келтіріледі, бұл шұғыл шараларды талап етеді», деді ведомство басшысы.
Есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі жұмыс жеке қаралды. Есірткі құралдарын ғаламтор арқылы жарнамалау және тарату үшін жауапкершілік күшейтілді. Заңсыз айналымға жедел ден қою және оны болдырмау үшін есірткінің жаңа түрлеріне тыйым салынады, есірткінің қылмыстық жауаптылық туындайтын «криминалдық салмағы» төмендетіледі.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібіне қойылды. Жол апаттарының негізгі себебі - жүргізушілердің жол қауіпсіздігін сақтамауы. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің тәртібі мен қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Себебі жалпы ЖКО-ның, оның ішінде өліммен аяқталған және көп адам жарақаттанған ЖКО санының өсуі байқалды. Осыған байланысты Ерлан Тұрғымбаев жолдардағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді, көше-жол желісіне тексеру жүргізуді, жол-пайдалану қызметтерінің бұзушылықтарды жоюды ұйымдастыруды, жол инфрақұрылымына жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырды.
Сонымен қатар, министр бейнебақылау жүйесін кеңейту, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеу жүйесін белсенді қолдану және аталған бұзушылықтар үшін жазалаудың бұлтартпастығы қағидатын басым бағыт деп атады. Бірінші кезектегі міндеттердің бірі - жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау, кадр саясатын жетілдіру, қоғам мен халықтың сенімінен шығатын полицейдің «жаңа форматын» құру.
«Қазақстан халқына» қоры 2 мыңнан аса студентке білім грантын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:54
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:47
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Бүгін, 10:38
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:30
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:02
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Бүгін, 09:52
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Бүгін, 09:45
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Бүгін, 09:35
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Бүгін, 09:22
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар