Бұл туралы Pavlodarnews.kz мәлімдеді.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Богатырь Көмір» ЖШС-ның тарифтік сметаны орындауы туралы есебін қараған. Нәтижесінде тарифтік сметада көзделген 669,2 мың теңге мөлшерінде, бес пайыздан астам орындамауына жол бергені анықталған.
Департамент 2021 жылғы 1 қазанда «Богатырь Көмір» ЖШС-ге қатысты тиісті бұйрық шығарған, оған сәйкес тарифтер:
- 2021 жылғы 1 қараша – 2022 жылғы 31 қаңтар аралығында тариф 10,62 теңге/вагон-км-ден 10,55 теңге/вагон-км-ге дейін немесе (0,7%);
- 2022 жылғы 1 ақпан – 2022 жылғы 31 қазан аралығында тариф 11,12 теңге/вагон-км-ден 10,92 теңге/вагоно-км-ге дейін немесе (1,8%) мөлшерінде төмендеді.
Жол берілген бұзушылық үшін «Богатырь Көмір» ЖШС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.