Ауа райы • 13 Қазан, 2021

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 14-16 қазан күндері аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Осы күндері ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15...23 градус жылы болады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында – 7...15 градус жылы, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12....21 градус жылы болатыны болжанады», делінген ақпаратта.