Бүгінде өте маңызды мәселенің бір ұшы жастардың ажырасуына байланысты болып отыр. Өйткені отбасын құру, көпбалалы болу - халық санын көбейтудің негізі.
«2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін 709,6 мың неке тіркелген, ал ажырасқан отбасылардың саны - 274,5 мың. Яғни тіркелген некемен салыстырғанда ажырасулар саны 35 пайыздан 43 пайызға дейін өсті. Кейінгі 5 жылда күніне 389 неке тіркеліп, 150 отбасы ажырасқан», деді Д.Мыңбай Мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, 2019 жылы 59 796 неке бұзылған, яғни бір күнде 164 отбасы ажырасқан. Биыл 120 мыңға жуық адам некесін бұзды, оның 60 мыңнан астамы 18-35 жас аралығындағы жастар. 30-34 жас аралығындағылар көп ажырасады.