Спорт • 13 Қазан, 2021

«Астана» велокомандасы екі шабандозбен толықты

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбиялық шабандоз Себастьян Энао мен итальяндық Леонардо Бассо Astana Qazaqstan Team командасының жаңа мүшелері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана» велокомандасы екі шабандозбен толықты

28 жастағы колумбиялықтың келісімшарты бір маусымға, ал Бассоныкі екі жылға созылмақ. Әлемдік турда сегіз жыл ішінде Энао өзін Гранд-турларда, әсіресе «Джиро д Италияда» мықты велосипедші ретінде көрсете білді.

«Мен «Астана» командасына ауысқаныма қуаныштымын, бұл мен үшін жаңа қадам, кәсіби шабандоз ретінде дамуды жалғастыру үшін қажет өзгеріс. Командамен, жаңа жолдастарыммен кездесу сәтін тағатсыздана күтемін, жаңа жейдені киіп көру мүмкіндігін күтемін. Менің ойымша, «Астана» – бұл маған сай келетін команда, ал мен ең жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізу үшін 100%-ға дайынмын», деді Себастьян Энао.